24 Ocak 2011 Pazartesi

بِاسْمِهِ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلاَّ يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ

БАУЫРДАСТЫҚ РИСАЛЕСИ

بِاسْمِهِ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلاَّ يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ

Мына хат екі тақырыптан тұрады.

Бірінші тақырып мұсылмандарды бауырмалдық пен сүйіспеншілікке шақырады.

БІРІНШІ ТАҚЫРЫП

بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ

اِنَّمَا اْلمُؤْمِنُونَ اِخْوَةٌ فَاَصْلِحُوا بَيْنَ اَخَوَيْكُمْ اِدْفَعْ بِالَّتِى هِىَ اَحْسَنُ فَاِذَا الَّذِى بَيْنَكَ وَبَيْنَهُ عَدَاوَةٌ كَاَنَّهُ وَلِىّ ٌ حَمِيمٌ وَالْكَاظِمِينَ الْغَيْظَ وَالْعَافِينَ عَنِ النَّاسِ وَاللّهُ يُحِبُّ اْلمُحْسِنِين

Мұсылмандарда екіжүзділік пен алауыздық, кектену мен өштесуге себеп болатын жақтастық, қырсықтық пен көре алмаушылық ақиқат пен хикмет және адамзаттың тұғыры болған Ислам, сондай-ақ жеке бастың, әлеуметтік және рухани тіршілік тұрғысынан алып қарағанда жиіркенішті әрі зиянды, залал мен қастандық болып табылады. Осымен қатар, адам баласының тіршілігі үшін у болып есептеледі. Осы ақиқаттың көптеген жақтарынан алты жағыны баяндаймыз.

Бірінші жақ: Ақиқат тұрғысында зұлым болады. Ей, мұсылмандарға кектеніп өштескен ынсапсыз адам. Мысалы, бір кемеде немесе бір үйде сенімен бірге тоғыз бейкүнә мен бір қаскөй болса, сол кемені батырып немесе әлгі үйді өртеп жібергісі келген бір адамның қаншалықты зұлымдық жасайтынын білерсің. Бұл зұлымдығын жеті қабат көкке естілетіндей бақырып жеткізесің. Тіпті, жалғыз бейкүнә мен тоғыз қаскөй болған күннің өзінде де, әлгі кеме ешқандай әділеттілікпен батырылмайды.

Дәл сол сияқты: сен, Раббының үйі әрі кемесі болып есептелетін мұсылманның бойындағы иман мен Ислам және көршілік секілді тоғыз түгіл, тіпті жиырма бейкүнә сипат болып тұрған жағдайда саған ұнамаған зиянды болып көрінген бір ғана қаскөйлік сипатына бола оған кектеніп, өштесіп әлгі рухани үй болған денені рухани жағынан бұзылуына, батуына және өртенуіне әрекет немесе тілеуін тілеу дәл сондай қастық әрі жан төзгісіз зұлымдық болып есептеледі.

Екінші жақ: Хикмет тұрғысында да зұлымдық болады. Себебі: өшпенділік пен татулық, нұр мен түнек сияқты бір біріне қарама қайшы. Екеуі мағына жағынан бір бірімен біріге алмайды. Егер ынтымақ өзінің себептерінің жетекшілігінде жүректе ақиқи болса, онда өшпенділік шынайы болмайды. Жанашырлық түріне енеді. Иә, мұсылман, бауырыны сүйеді және сүюі тиіс. Бірақ жамандығы үшін жаны ашиды. Жөнделуіне қысым жасау арқылы емес, ілтипатпен тырысуы керек. Сондықтан Хадисы Шерифтің білдіруі бойынша, “мұсылман мұсылманға үш күннен артық ренжімеуі тиіс.”

Егер өшпенділік себептері басым болып өшпенділік шынымен жүректе орын алса, онда татулық шынайы болмас, жасанды және жағымпаздық бейнесіне енеді.

Әй, ынсапсыз адам! Назарыңды аудар: Мұсылман бауырыңа өшпенділік пен кектену қаншалықты қатігездік. Өйткені, қалайша сен қарапайым кішкентай тастарды Қағбадан да қадірлі, Ухуд тауынан да үлкен десең қаншалықты ақымақтық жасайсың. Дәл сол сияқты Қағбадай құрметті иман және Ухуд тауындай алып Исламдық секілді көптеген Ислам сипаттары татулық пен ауызбіршілікті талап етіп тұрғанда, мұсылманға қарсы өшпенділікке себеп берген және қарапайым кішкентай тастар секілді болған кейбір кемшіліктерді иман мен Исламдықтан артық көрсең соншалықты ынсапсыздық, ақымақтық өте үлкен қатігездік жасағаныңды ақыл-есің болса түсінерсің.

Иә, иман бірлігі жүректердің бірлігін қалайды. Бір сенім де әлеуметтік бірлікті талап етеді. Иә, жоққа шығара алмайсың. Сен бір адаммен бірге бір бөлімшеде болсаң, әлгі адамға достық сезіммен жақындық сезінесің және бір қолбасшының қол астында бірге болғандықтан жолдастық ынта(ықылас) ойыңа келеді. Әрі бір отанда бірге өмір сүргесін бауырмалдық қарым-қатынас сезінесің. Алайда иманнан келген нұр мен ой арқылы және Алланың көптеген есімдеріндей саған көрсеткен және білдірген жалғыздық ынта(ықылас)тары мен бірлік байланыстары және бауырмалдық қарым-қатынастары бар.

Мысалы: Екеуіңіздің де Халиқыңыз бір, Маликіңіз бір, Мабудыңыз бір, Разықыңыз бір, бір, бір мыңдаған бір. Әрі пайғамбарыңыз, дініңіз, Қыблаңыз бір. Осы секілді жүздеген ортақ нәрселерің бар. Сондай-ақ ауылыңыз бір, мемлекетіңіз бір, қалаңыз бір; осындай ондаған ортақ нәрселер бірлік пен тек сенімді, бірігу пен ауызбіршілікті, ынтымақ пен бауырмалдықты талап етсе, әрі әлем мен планеталарды бір біріне байлай алатын рухани шынжырлар туған кезде; екіжүзділік пен алауыздыққа, кектену мен өштесуге себеп болған өрімшектің ауы секілді елеусіз және тұрақсыз нәрселерді артық көріп, мұсылманға қарсы ақиқи өштесу мен кектену әлгі бірлік байланыстарына қаншалықты әдепсіздік; ынтымақтың себептеріне қарсы жеңіл қарау және әлгі бауырмалдық қарым-қатынасқа қаншалықты қатігездік пен хақсыздық екенін жүрегіңнің жылуы сөнбесе, ақыл-есің болса түсінерсің.

Үшінші жақ: Нағыз әділетті білдірген وَلاَ تَزِرُ وَازِرَةٌ وِزْرَ اُخْرَى сырына қарағанда бір мұсылмандағы қатігездік мінезге бола, басқа бейкүнә жағымды сипаттарыны жазаға тарту сияқты болған өштесу мен кектену қаншалықты шексіз қатігездік екенін және сондай-ақ бір мұсылманың жағымсыз бір мінезінен өкпелеп, көңілі қалып оның туысқанына өшпенділік көрсету اِنَّ اْلاِنْسَانَ لَظَلُومٌ шамадан тыс асыра сілтеумен өте үлкен зұлымдық жасағаныны ақиқат пен шариғат және Ислам хикметтері саған ескертіп тұрған кезде өзіңді қалайша дұрыс деп санап “Менің ақым бар” дейсің.

Ақиқат тұрғысында өшпенділік пен жамандықтың себептері болған жиіркенішті нәрселер жамандық пен топырақ секілді күңгірт, басқаларға тарамауы және шағылыспауы тиіс. Бөтен біреу одан сабақ алып жамандық жасаса онда жөні бөлек. Ынтымақтың арқауы болған жақсылықтар, ынтымақ, татулық секілді нұр болып табылады. Таралуы мен шағылысуы қалыпты нәрсе. Осыдан болар “Достың досты дос” сөзі мақал болып еңген. Әрі “Бір көздің көңілі үшін көптеген көздер ұнатылады” сөзі жалпының аузында айтылады. Міне, ей ынсапсыз адам, ақиқат осыны жөн көріп тұрған кезде жақсы көрмеген адамның сүйкімді бейкүнә бауырына және туысқандарына өшпенділік жасау, ақиқатқа қаншалықты теріс екенін әділдік пен шыншылдықты жақтайтын болсаң түсінерсің.

Төртінші жақ: Жеке бас өмірі тұрғысында да зұлым болып табылады. Осы төртінші жақтың негізгі тірегі ретінде бірнеше ережені тыңда.

Біріншісі: сен мамандылығыңды, пікірлеріңді тұра, дұрыс деп білген кезіңде, мамандығым тұра немесе ең жақсысы дей аласың; бірақ, тек қана менің мамандығым тұра, дұрыс деуге ақың жоқ. وَعَيْنُ الرِّضَا عَنْ كُلِّ عَيْبٍ كَلِيلَةٌ وَلكِنَّ عَيْنَ السُّخْطِ تُبْدِى الْمَسَاوِيَا сыры бойынша ынсапсыз көзқарасың мен ұждансыз пікірің төреші бола алмайды. Басқалардың мамандықтарыны жаңылыс деп кінәрат артып айыптай алмайды.

Екінші ереже: Сен былай дей аласың: Сөйлегенің шындық болуы тиіс. Алайда барлық шындықты сөйлеуге тиісті емессің. Әр сөйлегенің тура болуы тиіс, бірақ барлық тура нәрсені сөйлеу дұрыс емес. Себебі, сен сияқты ниеті бұзық (жаман) адам насихатты кей кезде жанды жеріңе тигізіп, теріс әсер бергізеді.

Үшінші ереже: Өшпенділік жасағың келсе, жүрегіңдегі өшпенділікке өшпенділік жаса, оны жоюға тырыс. Әрі ең көп саған зиян берген нәпсіңнің менменшілдігі мен шәуқани қалауларына өшпенділік жаса, оны жөнге салуға тырыс. Зиянкес нәпсіңнің көңілі үшін мұсылмандарға дұшпандық жасама. Егер дұшпандық жасағың келсе кәпірлер, дінсіздер көп; соларға өшпенділік қыл. Иә, қалайша ынтымақ, татулық сипаты татулыққа, ынтымаққа лайық. Сол сияқты өшпенділік мінезі бәрінен бұрын өзі өшпенділікке лайық. Егер қарсыласыңды жеңгің келсе жамандылығына жақсылықпен жауап бер. Өйткені: егер жамандылықпен жауап берсең, дұшпандылығы арта түседі. Сырт көрініске жеңілген болса да іштей кектеніп өшпенділігі жалғаса түседі. Егер жақсылықпен жауап берсең, өкініп саған дос болады.

اِذَا اَنْتَ اَكْرَمْتَ الْكَرِيمَ مَلَكْتَهُ وَ اِنْ اَنْتَ اَكْرَمْتَ اللَّئِيمَ تَمَرَّدًا

үкімі бойынша мұсылманның жүріс-тұрысы кәрім болу. Сенің сыйлауыңмен саған жақындайды. Сырт көрініске дөрекі (пасық) болса, иман тұрғысында қадірлі. Ия, жаман адамға “жақсысың, жақсысың” десең жөнделіп кетуі және жақсы адамға “жамансың, жамансың” десең бұзылып кетуі көп кездескен. Олай болса

وَاِذَا مَرّوُا بِاللَّغْوِ مَرّوُا كِرَامًا وَاِنْ تَعْفُوا وَتَصْفَحُوا وَتَغْفِرُوا فَاِنَّ اللّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ

секілді Құранның қасиетті ережелеріне құлақ сал; бақыт пен амандық сонда.

Төртінші ереже: Кекшілдер мен өшпеншіл жандар хәм нәпсісіне хәм мұсылман бауырына әрі Алланың мейірімділігіне зұлымдық жасап шектен шығады. Өйткені, кек пен өшпенділік арқасында нәпсін жан төзгісіз азаптың ішіне тастайды. Бақталасына келген нығметтердің азабы мен қорқыдан келген уайым-қайғыны нәпсісіне тарттырады, нәпсісіне зұлымдық жасайды. Егер өшпенділік қызғаншақтықтан туындаса онда нағыз азап болады. Өйткені, қызғаншақтық ең алдымен қызғаншақтың өзін күйдіріп жандырып жоқ қылады. Бақталасы болса бұл жағдайдан аз зиян көрер немесе ешқандай көрмес. Қызғаншақтық шарасы қызғанған адам қызғанған нәрселердің нәтижесіні, соңын ойласын. Бақталасындағы дүниелік сұлулық пен күш, мәртебе мен байлық фәни, уақытша екенін түсінсін. Пайдасы аз, машақаты көп. Егер ахиреттік қасиеттер болса, оларда қызғаншақтық мүлдем болмайды. Егер оларда көре алмаушылық жасаса онда ахирет малыны дүниеде жоюға тырысқан екіжүзді. Немесе бақталасыны екіжүзді деп ойлап хақсыздық жасап зұлымдық қылады. Хәм оған келген бәле-жалаларға қуанса, нығметтерге қынжылады, оған жасалған жақсылықтарға іші тарылып тағдыр мен Алланың мейірімділігіне ренжиді. Тағдырды сынап мейірімділікке қарсы тұрады. Тағдырды мінеп-сынаған, басын төске соғып жарады. Мейірімділікке қарсы шыққан мейірімділіктен мақрұм қалады. Ғажабы; бір күн өшпенділікпен жауап беруді қайсы ынсап дұрыс көреді. Жөні дұрыс қандай ұждан қабылдай қояды. Өйткені, мұсылман бауырынан саған келген жамандықты түгелдей оған жүктеп қойып айыптай алмайсың. Себебі; біріншіден ол кісіде тағдырдың бір үлесі бар. Оны алып тастап тағдыр мен оқиға үлесіне қарсы ризашылықпен жауап берілуі тиіс. Екіншіден; нәпсі мен шайтанның да үлесіні ескеріп әлгі адамға өшпенділік түгіл мүмкін нәпсісіне жеңіліп қалғаны үшін аяу керек және пұшайман болатынын күту керек. Үшіншіден; сен өзіңнің нәпсіңде байқамаған немесе байқағың келмеген кемшіліктерді көр оған да бір үлес бер. Кейін артта қалған кішкентай бір үлеске қарсыласыңды ең сәлеметті және өте тез тізе бүктіретін ғапу мен кешірім арқылы адамгершілікпен жауап берсең зұлымдық пен зарардан құтыласың. Әйтпесе, шишалар мен мұздың сынықтарын алмас бағасына алған мас әрі диуана зергер еврей секілді бес тиынға тұрмайтын фәни, алдамшы, түкке тұрғысыз дүниялық істер; дүнияда мәңгі бақи бірге болатын секілді асқан ашкөздік пен кетпес кектену арқылы әрдайым өшпенділікпен жауап беру асыра сілтеушілікпен жасалған зұлымдық немесе мастық болып табылады. Әрі диуаналық болып есептеледі. Міне, жеке бас тұрғысынан осыншама зиянды болған өшпенділікпен кектену пікірі -егер жеке басыңды құрметтесең- жүрегіңе енуге жол берме. Егер жүрегіңе енсе оның үніні тыңдама. Қара, шыншыл болған Хафіз-і Ширазиды тыңда:

دُنْيَا نَه مَتَاعِيسْتِى كِه اَرْزَدْ بَنِزَاعِى

Яғни: “Дүние сондай пайдалы нәрсе емес қой, сол үшін төбелесетіндей.” Өйткені: Фәни және өткінші болғандықтан құнсыз. Алып, кең дүние осындай болса дүниенің ұсақ түйек істерінің қаншалықты елеусіз екенін түсінерсің. Әрі былай деген екен.

آسَايِشِ دُو ِيتِى تَفْسِيرِ اِينْ دُو حَرْفَسْتْ

بَادُوسِتَانْ مُرُوَّتْ بَادُشْمَنَانْ مُدَارَا

Яғни: “Екі жиханның рахат пен сәлеметін екі әріп тәфсір етіп жеткізеді: Достарына адамгершілікпен қарым-қатынас, дұшпандарына ынтымақшыл әрекет жасау керек.” Егер десең: “Өз қолымда емес, жаратылысымда өшпенділік бар. Хәм жүйеме тиеді, тастай алмаймын.”

Жауап: Жаман мінез-құлық іздері байқатылмаса және өсек секілді нәрселермен оны керек қылған нәтижелермен амал (іс-әрекет) жасалмаса; кемшілігіні де түсінсе зияны тимейді. Еркің өз қолыңда емес, тастай алмайды екенсің. Сенің іштей пұшайман болуың жасырын тәубе мен кешірім болып қабылданатын кемшілігіңді білуің және бұл мінезде хақсыз екеніңді түсінуің оның жамандығынан сені құтқарады. Іштей кешірім сұрауды үйренсін, хақсыздықты хақ деп ойламасын, хақлы болған адам қарсыласыны хақсыздықпен жария қылмасын деп осы хаттың осы тақырыбыны жаздық. Өте маңызды бір оқиға: Баяғыда өшпенділікпен болған тілектестіктің нәтижесіні көрдім: Діндар ғалым өзінің саяси көзқарасына қарсы адал ғалымды кәпірлік дәрежесіне дейін жамандады. Өзінің пікірінде болған бір мұнафықты құрметтеп марапаттады. Міне, саясаттың осы жаман нәтижелерінен шошынып -аят- дедім. Сол уақыттан бері саясаттан аулақ тұрдым.

Бесінші жақ: Әлеуметтік тіршілік тұрғысынан қырсықтық пен тілеулестіктің өте зиянды екенін баяндайды. Егер десең, хадисте اِخْتِلاَفُ اُمَّتِى رَحْمَةٌ айтылған екен. Алауыздық болса тілеулестікті талап етеді. Хәм тілеулестік сырқаты жай халықты залым атқа мінер шонжарлардың зорбалығынан құтқарады. Өйткені, бір аймақтың және бір ауылдың шонжарлары біріксе жай қарапайым халықты езеді. Тілеулестік болса бір жағына сығынып өзін құтқарады. Хәм пікірлердің тартысынан және ақыл-ойларының үйлеспеушілігінден ақиқат түгелдей көрінеді.

Жауап: Бірінші сұраққа былай жауап береміз. Хадистегі алауыздық жағымды алауыздық. Яғни әрқайсысы өзінің мамандығының өсіп өркендеуіне әрекет етеді. Басқаларының бұзып және жоюына емес, кемелдендіріп жөнделуіне тырысады. Ал, бірақ жағымсыз алауыздық болса дұшпандылықпен, өшпенділікпен бұзып құртуына тырысады. Хадис тұрғысында қабылданбайды. Өйткені, бір бірімен тартысқандар жағымды әрекет жасай алмайды. Екінші сұраққа былай дейміз: Тілеулестік егер Хақ жолында болса, сол жолдағыларға пана болады. Алайда осы сәттегі қастық, нәпсі үшін болған тілеулестік хақсыздарға пана болғаны сондай, оларға сүйеніш болады. Өйткені, қастықпен тілеулестік жасаған бір адамға шайтан келіп оның пікіріне көмектесіп жақтасса онда әлгі адам шайтанға рахмет айтады.Егер қарсы жаққа періштедей бір адам келсе, Құдай сақтай көрсін, оған лағнет айтатындай хақсыздық жасайды. Үшінші сұраққа былай дейміз: Хақ жолында ақиқат үшін болған пікірлердің таласуы болса; мақсат пен негізде ауызбіршілікті сақтай отырып себептерде үйлеспеушілік көрсетеді. Алайда, тілеулестік пен қастық жолындағы перғауындай болған менменшіл нәпсі үшін менмендік, даңғойлық бейнесіндегі пікірлердің таласынан “шынайы ақиқат” емес, бәлкім араздық ұшқындары шығады. Өйткені, мақсатта бірігулері қажет болып тұрған кезде бұндайлардың пікірлерінің де жер шарында түйісу жері болмайды. Хақ жолында болмағы үшін шексіз асыра сілтеу жолына түсіп кетеді; жазылмаған жаралар болған бөлінушіліктерге себеп болады. Қазіргі әлемнің жағдайы бұған дәлел бола алады.

Сонымен:

اَلْحُبُّ لِلّهِ وَالْبُغْضُ فِى اللّهِ وَالْحُكْمُ لِلّهِ

болған алып ережені іс-әрекетіміздің ережесі ретінде қабылдамасақ алауыздық пен бөлінушілік күнделікті тіршілігімізде орын алады. Иә, َالْبُغْضُ فِى اللّهِ وَالْحُكْمُ لِلّهِ демесе, бұл ережелерді көзге ілмесе, әділет жасаймын деп зұлымдық жасайды. Өрнек болатын оқиға. Баяғыда имам Али (Р.А.) кәпірді жерге жығады. Қылышын қынынан суырып кәпірді кесейін деген сәтте кәпір оған түкіріп жіберіпті. Хәзіреті Али кәпірді кеспей жібере салыпты. Кәпір сонда сұраған екен: “Неге мені өлтірмедің?” Хәзіреті Али “Сені Аллах үшін өлтірейін деп едім. Бірақ маған түкірдің. Ашуға келдім. Нәпсім араласқан үшін ынта-ықыласыма нұқсан келді. Сол үшін сені өлтірмедім.” Әлгі кәпір: “Мені тезірек шабуың үшін ызаландырмақшы болдым. Дініңіз осыншама пәк әрі шынайы болса, онда ол дін хақ” деген екен. Тағы көңіл аударарлық бір жәйт: Өткен заманда бір хаким ұрлықшының қолыны кескен кезде ыза болып, лебін көрсеткен екен. Бұны байқап қалған әділеттің әміршісі оны міндетінен босатып жіберіпті. Өйткені, шариғат үшін, Аллахтың заңы жолында кессе нәпсісі оған ашитын еді. Жүрегі ашу-ыза көрсетпей, бірақ мейірімділік (аяушылық) те көрсетпейтіндей қылып кесуі тиіс. Демек, нәпсісіне әлгі үкімден бір үлес бергені үшін әділеттікпен істемеген екен. Қынжылатын әлеуметтік жағдай мен Ислам жүрегін қан жылататын өте қорқынышты әлеуметтік тіршілік сырқаты:

“Сыртқы дұшпандардың көрінуі мен шабуылында іштегі өшпенділіктерді ұмыту мен тастау” секілді әлеуметтік мәслихатты ең бәдәуи тайпалар да түсініп орындап жатқан кезде, мына Ислам жамағатына қызмет етіп жатқандарға не көрінді, бірінен кейін бірі анталап тұрған шексіз дұшпандар тұрған кезде, ұсақ-түйек өшпенділіктерін ұмытпай дұшпандарының шабуылына қолайлы (оңтайлы) жағдай туғызып отыр. Осы жағдай үміт отының сөнуі мен жабайылықтың нақ өзі. Исламның әлеуметтік тіршілігіне жасалған үлкен қиянат болып табылады.

Үлгі-өнеге боларлық бір оқиға: Бәдеуи руларының ішінде Хасенан руының бір біріне дұшпан екі қауымы бар екен. Бір бірі ішінен елу адамдан да көп кісіні өлтірсе де: Сипсаң немесе Хайдеран руы секілді бір қауым алдарына шыққан кезде әлгі бір біріне дұшпан, өш екі тайпа ескі өшпенділіктерін ұмытып иық тіресіп, сырттан келген руды қуғанға дейін ішкі өшпенділіктерін еске түсірмейді.

Міне, ей мұсылмандар! Әхли иман қауымына қарсы анталап тұрған қаншама қауым бейнесіндегі дұшпандардың бар екенін білесің бе? Бір бірінің ішіндегі шеңбер секілді жүз шеңберден астам алқа бар. Әр біреуіне арқа сүйеп, тіреніп қол ұстаса қорғаныс жағдайына көшуге мәжбүр болудың орнына олардың шабуылын оңайлатып, әркімнің енуіне болмайтын пәк Исламға кіріп кетуіне қақпа ашқандай болған кекшілше тілеулестік пен өшпенділікше қырсықтық, қандай тұрғыда болсын әхли иманға жараса ма? Әлгі дұшпан шеңберлер дінсіздер мен имансыздардан бастап, кәпірлердің әлеміне, дүниенің ахуал мен ауыртпалықтарына дейін бір бірінің ішінде сізге қарсы зиянды түрге еніп, бір бірінің арқасында сізге ашу-ыза және ашкөздікпен қараған бәлкім жетпіс түрлі дұшпандар бар. Бүкіл осыларға қарсы қуатты қаруың мен қорғанысың Ислам бауырмалдығы. Осы Ислам қорғанын кішкентай өшпенділіктер мен сылтаулармен теңселту ұждан және Ислам мәслихатына қаншалықты теріс екенін біл, есіңді жи!

Хадис шерифлерде “Ақырзаманның Суфян мен Тажал секілді іріткі мен дінсіздіктің басына өтетін қорқынышты зарарлы тұлғалары Исламның және адамзаттың ашкөздігі мен алауыздығынан пайдаланып азғантай бір күшпен адамзат баласын тас-талқан етіп, Ислам әлемін бұғауға алады.

Әй, әхли иман! Қайыршылық ортасында бұғауға түскіңіз келмесе, естеріңді жина! Ынтымақсыздығыңыздан пайдаланған залымдарға қарсы اِنَّمَا اْلمُؤْمِنُونَ اِخْوَةٌ қасиетті қорғанның ішіне кір, панала. Әйтпесе өміріңізді де, құқығыңызды да қорғап сақтай алмайсың. Екі батыр бір бірімен теке тіресіп жатқан кезде жасөспірім бір баланың екеуін де ұра алатынын белгілі нәрсе. Бір таразыда екі тау бір біріне қарсы тепетеңдік сақтап тұрса кішкентай бір тас тепетеңдіктерін бұзып, орындарынан ойнатып, біреуін жоғары, біреуін төмен түсіреді.

Міне, әй, әхли иман! Ашкөз мінездеріңізден және мысық тілеу кекшілдігіңізден күш-қуатыңыз сарқылады, азғантай күшпен езіліп, мыжылып кетуіңіз мүмкін. Әлеуметтік тіршіліктің ішінде болсаңыз اَلْمُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ الْمَرْصُوصِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًا ұлы ережені өміріңіздің қағидасы деп қабылдаңыз. Тұрмыстың қиыншылығынан және ахиретттің ауыртпалықтарынан құтылыңыз!

Алтыншы жақ: Рухани тіршілік және дұрыс құлшылықтың шырқы өшпенділік және қырсықтық ұстаудың нәтижесінде бұзылады. Өйткені, тыныштық пен амандыққа жеткізуге себепші “Ықылас” босқа кетеді. Себебі, мысық тілеу қырсық өзінің жақсы іс-әрекеттерінде бақталасынан үстем болғысы келеді. Қулықсыз Аллах үшін іс-әрекет жасау қолынан келмейді. Әрі, шешімге келу мен жүріс тұрысында жақтасыны артық көріп дұрыс жасамайды. Міне, жағымды жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттердің негіздері болған “Ықылас” пен “Әділет” дұшпандық пен өшпенділік арқылы жоғалады. Осы Алтыншы жақ өте үлкен. Бірақ мақамның мүмкіншілігі тар болғандықтан қысқаша бітіреміз.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

بِسْمِ اللّهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ

اِنَّ اللّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ اْلمَتِينُ وَكَاَيِّنْ مِنْ دَابَّةٍ لاَ َتحْمِلُ رِزْقَهَا اَللّهُ يَرْزُقُهَا وَاِيَّاكُمْ وَ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ

Әй, әхли иман! Өткеннен, кек сақтаудың қаншалықты зарарлы болғанын түсіндің. Әрі біліп қой! Кек сақтау сияқты Ислам дінінің тіршілігіне өте қорқынышты зарарлы дерт ашкөздік. Ашкөздік үмітсіздік пен дертке, қорлыққа себеп болып, мақурымдық пен кедейшілікке үрындырады. Иә, барлық халықтан бүрын, ашкөздікпен дүниеге үмтылган еврей халқының қор болуы мен кедейшілігі бүл үкімнің нақты куәгері болып отыр.

Иә, ашкөздік; тіршілік әлемінде ең кең алаңнан бастап, ең елеусіз нәрсеге дейін теріс әсерін көрсетеді. Тәуекелше талап етілген ризық болса, қайта рахатқа себепші болады, әрі барлық жерде оң әсерін көрсетеді. Міне, кейбір тіршілік иелері мен рызыққа мүқтаж болган ағаштар, өсімдіктер тәуе-келше, қанағатшылдықпен орындарында түрып, ашкөздік жасамағандықтан, рызықтары оларға жүгіріп келіп жатыр. Жануарлардан да көп үрпағын асырайды. Жануарлар болса, ашкөздікпен рызық-тарының соңында жүгіргендері үшін өте көп қиын-шылықпен нүқсан рызықтарына қолдары жетеді. Әрі жануарлар әлемінде, бейшара әрі әлсіз халінің тілімен тәуекел еткен төлдердің заңды және толық әрі нәзік рызықтары рақымдылықтың қазынасынан берілуі; және ашкөздікпен рызықтарына үмтылған жануарлардың заңсыз әрі өте көп қиыншылықпен тапқан жағымсыз ризықтары: Ашкөздіктің мақүрым-дыққа себепші екенін, тәуекел мен қанағат болса рақымдылыққа себебші болатынын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ, адамзат қауымындағы барлық халықтан артық дүниеге ашкөздікпен жабысқан, дүниелік тіршілікке ғашықтықпен байланган еврей халқы, өте көп қиыншылықпен тапқан - өзіне пайдасы аз, тек қазыналық еткен - өсімқорлықтан келген заңсыз байлығы мен бүкіл халықтан жеген қорлық пен кедейшілік, өлтіру мен жою тоқпақтары, ашкөздіктің қорлық пен зиянкестіктің қайнагы екенін көрсетеді.

Әрі ашкөз бір адамның әрдайым зиянға урынға-нына байланысты оқиғалардың көпшілігі соншалық اَلْحَرِيصُ خَائِبٌ خَاسِرٌ мәтелге айналып, жалпы қауымның назарында жалпыға ортақ шындық ретінде қабылданған. Сонымен, егер мал-мүлікті өте жақсы көрсең, ашкөздікпен емес, керісінше қанагатшыл-дықпен мал-мүлікті талап ету керек.

Қанағатшылар мен ашкөз қүмарпаздар мына екі кейіпкерге үқсайды: Үлкен бір кісінің қонақүйіне кірген біреуі іштей: "Мені кіргізсе болды, сырттағы суықтан аман қалсам сол жетеді. Ең төмендегі орын да мен үшін қүрмет болып табылады,"- дейді. Екінші адам ақысы бар сияқты әрі әркім оған қүрмет көрсетуге мәжбүр секілді өркөкіректікпен: "Маган ең жоғары жерден, төрден орын беруі керек,"- дейді. Ол ашкөздікпен кіріп, көзін төрге жүгіртіп, жоғары шыққысы келеді. Алайда қонақүйдің иесі оны кері қайтарып, төменге отырғызады. Қонақ үй иесіне рахмет айтудың орнына іштей ашуланады. Алғыс емес іштей мінеп отырады. Үй иесі болса қабақ түйіп жақтырмайды.

Бірінші адам инабатты түрде кіріп, ең төменгі орынға жайласпақшы болады. Оның бұл қанагаты, үйдің иесіне унайды. Оған: "Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз,"- дейді. Ол болса жоғарылаған сайын рахметін көбейте түсіп, ризашылығын арттырады.

Мына, дүние жанға жайлы қонақ үй секілді. Жер беті бай бір дастарқан. Рызықтардың түрлері мен нығметтердН мәртебелері де орындар секілді.

Һәм өте елеусіз істерде әркім ашкөздіктің теріс ықпалын сезе алады. Мысалға: Екі қайыршы жалбарынып түрған кезде, ашкөздікпен тіленіп түрган қайыршыны жақтырмай, үндемей турган екінші қайыршыға мейірімің түсіп, бересің. Бүны әркім жүрегімен сезеді.

Һәм, мысалға: Түнде үйқың қашса, сенің жатқың келсе, мән бермесең үйқың келуі мүмкін. Егер ашкөздікпен өжеттеніп үйықтамақшы болып "Қой, үйықтауым керек, үйықтайын" деп дегбірсең, ұйқың түгелдей қашады.

Һәм, мысалға: Маңызды бір жүмыс үшін біреуді тагатсыздана күтіп түрсың. "Келмеді гой, кешікті ғой,"- деп турып тағатсыздығың, сабырың таусылады. Сен де турып кете бересің. Бір минуттан кейін күткен адамың келеді. Бірақ, осыншама күткен маңызды жумысың орындалмай қалады. Осы оқиғалардың сыры мынау: Бір нанның ауызға келіп түсуі үшін егін, қойма, диірмен, ошақтан өтетіні белгілі, дәл сол сияқты заттың тәртібінде, хикметтің жәймен-жәймен мунтаздай ықтиятпен көрінуі бар. Тағат-сыздық пен ашкөздіктің кесірінен ықтияпен әрекет жасамағаны үшін, әлгі заттағы тәртіпті, рухани баспалдақтарды көзге ілмейді. Сөйтіп, я аттап қулайды немесе бір баспалдақты кем қылып, көздеген мақсатына шыға алмайды.

Міне, әй тіршілік қамымен есеңгіреген әрі дүниеге деген ашкөздікпен мас болған ағайындар! Ашкөздік, осыншама бәлелі нәрсе болса да, қалайша ашкөздіктің жолында барлық қорлықты қабылдап әрі адал-арам демей барлық мал-мүлікті жинап, о дүниедегі өмірге керек көп нәрселерді қурбан етіп жатырсыңдар. Тіпті Ислам дінінің шарттарының ең маңызды шарты зекетті ашкөздіктің жолында тәрк етіп жатырсыңдар. Алайда, зекет әркім үшін берекеттің себебі, әрі бәлелерге тосқауыл болып табылады. Зекет бермегеннің қолынан зекеттің мөлшеріндей байлық шығады немесе керексіз жерлерге жумсалады, я болмаса бір бәле-жалаға душар болып, сонымен кетеді.

Бірінші дүние жүзілік соғыстың бесінші жылында бір қызық әрі ақиқат бір түс көрдім. Түсімде менен: "Мусылмандарға келген бул аштық, әрі байлығының шығынға ушырауы мен шаршауы, машақатқа түсуі неден?"- деп сурады. Түсімде жауап ретінде: "Кедейлердің дүга мен алғыстарына ие болсын деп, әрі кек пен душпандыққа тосқауыл болсын деп Жәнабы Хақ бізден кейбір байлықтың оннан бірін (Сілтеме7) немесе кейбір байлықтың қырықтан бірін (Сілтеме8), өзінің берген байлығынан біреуін бізден талап етті. Біз ашкөздік етіп, сараңдық жасап бермедік. Жәнабы Хақ жинақталып қалған зекеттің қырықтан отызын, оннан сегізін алды. Һәм, әр жылда тек бір айда жетпіс хикметі бар бір аштықты бізден талап етті. Біз нәпсімізді аядық, өткінші әрі ләззәтті бір аштықты тартпадық. Жәнабы Хақ жаза ретінде жетпіс түрлі бәлесі бар оразаны бес жыл бойы зорлықпен бізге тутқызды. Һәм, жиырма төрт сағаттың бір ғана сагатын рахат әрі маңызды, нурлы әрі пайдалы Раббани әмірге жумсауын талап етті. Біз жалқаулық жасап, әлгі намаз бен дуғаны орындамадық. Әлгі бір ғана сағатты басқа сағат-тармен қосып босқа жібердік. Жәнабы Хақ оның өтемі ретінде бес жыл тәлім мен буйрықтар арқылы жүгіртумен бізге бейне бір намаз оқытты,"- дедім.

-------------

7(Сілтеме) яғни: жыл сайын беріп турган бидай секілді байлыцтың оннан бірі.

8(Сілтеме) яғни: баягыдан беріп келе жатқан қырықтың үстіне эр жыл, саудадан түскен пайда мен хайуан төліне он дана қосып береді. Ал талап еткен зекет болса былтыргы малдың қырықтан бірі.

----------------

Содан оянып кетіп, ойландым: Манағы қияли түсімде өте маңызды шындық бар екен. "Жиырма бесінші сөз"дегі мәдениет пен Қуранның үкімдерін салыстырған жерде дәлелденгендей және баяндал-ғандай адамзаттың әлеуметтік тіршілігінде бүтін әдепсіздік пен төңкерістердің қайнар көзі екі ауыз сөз екен.

Біреуі: "Өзім тоқ болғаннан кейін басқасының аштан өлгенінде менің не жумысым бар."

Екіншісі: "Сен жумыс істе, мен жейін." Осы екі сөзді де жалғастыра узартып отырған: Өсімқор-лықтың қулаш жаюы мен зекеттің тәрк етілуі. Осы екі үрейлі әлеуметтік дертке дауа болатын тек бір шара: Зекеттің жалпы дәстүр ретінде жүргізілуі. Зекеттің шарттылығы мен өсімқорлыққа тыйым салу. Һәм, жеке тулгалар мен жамағаттар ғана емес, тіпті жалпы адамзат қауымының бақыты, өмірі үшін ең маңызды шарт, тіпті адам баласының тіршілігінің жалгасуы үшін ең маңызды тірегі зекет болып табылады. Өйткені, адамзаттың таңдаулы зия-лылар және буқара деген екі топ бар. Зиялылардан буқараға жылы шырайлылық пен сыяпат, буқарадан да оларга қурмет пен мойынсунуды қамтамасыз ететін; зекет болып табылады. Әйтпесе, жоғарыдан буқараның басына зулымдық пен қысым келсе, буқарадан ауқаттыларға қарсы өшпенділік пен бүлік шыгады. Адамзаттың осы екі тобы арасында тоқтаусыз бір рухани күрес, айқасқан тартыс болады. Үлғайған сайын Ресейде болған сияқты еңбек пен капиталдың күресі ретінде, бір-бірін туншықтыруға умтыла бастайды.

Әй, жомарт әрі кеңпейіл жандар! Сондай-ақ, әй, ар-намысты бауырлар! Сый-сыяпатыңызды зекет деп бермесеңіз, үш зияны бар. Кейде босқа кетеді. Өйткені: Аллаh үшін бермегесін, іштей міндетсінесің. Байгус кедейді жасаған жақсылығыңның тутқыны қылып тастайтың. Әрі қабыл болғыш дүгасынан мақурым қаласың. Әрі, шындығында Жәнабы Хақтың байлығын қулына үлестіруде таратушы қызметкер ретінде бола турып, өзіңді байлықтың иесімін деп ойлап, нығметке күпірлік жасайсың. Егер зекет ретінде берсең, Аллаh үшін бергендігіңнен үшін сауапқа батасың, әрі берілген нығметке шүкірші-лігіңді көрсетесің. Әлгі муқтаж адам да саған жалбақтауға мәжбүр болмағаны үшін қорлыққа түспей абыройын сақтап қалады, әрі дуғасы сенің үшін қабыл болады. Иә, зекет секілді, тіпті одан да бетер сыйлық пен садақа беру қайда; немесе басқаша түрде көзбояушылық пен атақ-даңқ секілді, міндетсіну мен кемсіту секілді унамсыз нәрселерге ие болу қайда?

Зекет деп әлгіндей жақсылықтарды жасап, әрі парыздарды орындап, hәм сауапқа, hәм ықыласқа, hәм қабыл болғыш дуғаға ие болу қайда?...

سُبْحَانَكَ لاَ عِلْمَ لَنَا اِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ

اَللَّهُمَّ صَلِّ وَ سَلِّمْ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ الَّذِى قَالَ اَلْمُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِ كَالْبُنْيَانِ الْمَرْصُوصِ يَشُدُّ بَعْضُهُ بَعْضًا وَ قَالَ اَلْقَنَاعَةُ كَنْزٌ لاَ يَفْنَى وَعَلَى آلِهِ وَصَحْبِهِ اَجْمَعِينَ آمِينَ وَالْحَمْدُ لِلّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

СОҢЫ

Өсек туралы

بِاسْمِهِ وَاِنْ مِنْ شَيْءٍ اِلاَّ يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ

Жиырма бесінші сөздің бірінші шұғыланың бесінші нүктесінің жамандау мен сақтандыру мақамдарының бір ғана аяттың кереметтей алты түрде өсектен жиіркендіріп аластатуы, Құранның назарында өсектің қаншалықты жаман нәрсе екенін толығымен көрсеткендіктен басқадай түсіндіруге қажет емес. Иә, Құранның баяндауынан кейін баяндау болмайды, оған қажеттілік те жоқ.

Міне اَيُحِبُّ اَحَدُكُمْ اَنْ يَاْكُلَ َلحْمَ اَخِيهِ مَيْتًا аятында жамандауды алты тұрғыда жамандайды. Өсектен алты мәртебе қатал түрде сақтандырады. Осы аят өсек айтушылардың нақ өздеріңе бағытталған сәтте мағынасы төмендегідей болады. Былайша:

Аяттың басындағы хәмзе, сұрау (ая) мағынасында болып тұрғаны белгілі. Әлгі сұрау мағынасы су секілді аяттың барлық сөздеріне енеді. Әрбір сөзде сырыны ішіне бүккен құпия үкім бар.

Біріншісі, хәмземен былай дейді: Ая Осынша жағымсыз нәрсені түсінбейтіндей сұрақ пен жауап орны болған ақыл-есіңіз жоқ па?

Екіншісі, يُحِبُّ сөзімен былай дейді: Ая, ең жиіркенішті істі ұнататындай сүю мен жирену жері болған жүрегіңіз қарайған ба?

Үшіншісі, اَحَدُكُمْ сөзімен былай дейді: Тіршілігіңізді улаған істі қатарына алып қабылдайтындай жамағаттан нәр алған әлеуметтік тіршілігіңіз бен мәдениетіңізге не болған?

Төртіншісі, اَنْ يَاْكُلَ لَحْمَ сөзімен былай дейді: Досыңызды жыртқыштай тіспен паршалайтындай адамгершілігіңізге не болған?

Бесінші, اَخِيهِ сөзімен былай дейді: Осынша көптеген жақтарымен бауырыңыз саналатын бейкүнә біреудің рухани тұлғасыны ынсапсыздықпен тістелейтіндей ешқандай аяушылығыңыз, туысқандық жақындығыңыз жоқ па? Өз денеңізді өзіңіз диуана секілді тістелейтіндей не көрінді, ешқандай түйсігіңіз қалмады ма?

Алтыншысы, مَيْتًا сөзімен дейді: ұжданыңыз қайда? Қадірлі бауырыңыздың етін жеу секілді нағыз жиіркенішті істі жасайтындай жаратылысыңыз бұзылған ба?

Демек, осы аяттың білдіруі мен сөздерінің жеке жеке дәлелдегеніндей жамандау мен өсек, ақыл мен жүрегімізге, адамгершілік пен ұжданымызға, жаратылыс пен ұлтымызға сыйыспайтын, керіағар жаман нәрсе. Енді қара: осы аят қалайша даналықпен алты тұрғыда жамандауды жамандау арқылы кереметтей алты дәреже әлгі күнәден сақтандырады.

Өсек, өшпенділік пен қастық және қырсықтық ұстайтындардың ең көп қолданған ұждансыз бір қаруы болып саналады. Намыс иесі осы жаман қаруды қолдануға дәті бармайды.

Мәшhүр бір кісі былай деген екен:

اُكَبِّرُ نَفْسِى عَنْ جَزَاءٍ بِغِيْبَةٍ فَكُلُّ اِغْتِيَابٍ جَهْدُ مَنْ لاَ لَهُ جَهْدٌ

яғни: “Дұшпанымды өсекпен жазаландырудан бойымды аулақ ұстаймын және дәтім бармайды. Өйткені өсек әлсіз, опасыз төмен адамдардың қаруы.” Өсек: жамандалған кісі қасында тұрса және тыңдаса жиіркеніп көңілі қалып ренжитін еді. Егер тура десе, боса да өсек болып есептеледі. Егер жалған, өтірік десе әрі жала болады. Екі есе жиіркенішті күнә болып табылады.

Өсек, бірнеше ерекше жағдайда мүмкін: Біреуі: Өзінің ақысын жеген адамды өрескелдігі мен нойыстығы үшін жауапқа тарту мақсатымен қызметтегі адамнан арыз, шағым түрінде жәрдем сұрайды.

Біреуі: Бір адам біреумен істес болғысы келеді. Бірақ, сенімен ақылдасып ақыл кеңес сұрайды. Сен де дұшпандық ойламадан тек қана мәслихат ниетімен ақылдасудың ақысын орындау үшін: “Ол кісімен бірге жұмыс істеме. Себебі зиян көресің.”

Біреуі: Мақсаты төмендету мен масқаралау емес. Бәлкім, жөн-жобасыны көрсету және таныстыру мақсатымен десе: “Әлгі ақсақ, есі кемістеу адам бәлен жерге кетті,”

Біреуі: Әлгі жамандалған кісі пасық, ұятсыз яғни жамандықтарынан жаны қиналмайды. Бәлкім істеген жамандықтарыны мақтан тұтып, зұлымдығынан ләззат алады, ұялмай көрсетіп істейді.

Міне, осындай ерекше жағдайларда дұшпандық ойламай және тек қана хақ пен мәслихат үшін жамандау, өсек мүмкін бола алады. Әйтпесе, өсек қу отынды жеп бітірген жалын секілді сауаптарды жеп бітіреді. Егер өсек айтса немесе қалауымен тыңдаса ол кезде

اَللّهُمَّ اغْفِرْلَنَا وَ لِمَنِ اغْتَبْنَاهُ

деу керек, кейін жамандалған кісіге жолыққан кезде: “Мені кешір” деуі тиіс...

اَلْبَاقِى هُوَ الْبَاقِى

Саид Нұрси

Hiç yorum yok:

Yorum Gönder